Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Ұлттық ұлан үздігі” медалімен марапатталды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің жедел бөлімінің бастығы ҚР Ұлттық ұланы “Шығыс” Өңірлік қолбасшысының бұйрығымен II дәрежелі “Ұлттық ұлан үздігі” медалімен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің жедел бөлімінің бастығы Қуаныш Құлжанов ішкі істер органдарында 19 жылдан бері жұмыс істейді. Ол 2001 жылы ҚР ІІМ-нің Павлодар заң колледжін бітіріп, еңбек жолын ШҚО Жарма ауданы Жаңғыз – төбе кентінде орналасқан ОВ-156/18 мекемесінде жедел уәкіл лауазымынан  бастаған, қазіргі таңда Семей қаласында орналасқан ОВ-156/15 мекемесінің жедел бөлімінің бастығы қызметін атқарады.

– Бала кезімнен полиция қызметкері болуды армандайтынмын. Әкемнің формасына қызығып, бас киімін киіп, “мен милициямын” – деп ойнайтынмын. Сондықтан мектептен кейін ҚР ІІМ-нің Павлодар заң колледжіне саналы түрде келіп, оны бітіргеннен бері полиция қызметкері болып жұмыс істеп келемін, – дейді Қуаныш.

Қуаныш медальді кеудесіне таққанда бойын мақтаныш кернейтінін жасырмайды.

– Әрине мұндай марапаттар одан әрі шабыттандыра түседі. Бұл мен үшін де, отбасым үшін де үлкен мақтаныш. Дәл осындай сәттерде сен мамандық таңдауда қателеспегеніңді түсінесің, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру