Тәуелсіздік күнін мерекелеу күні СҚО мекемесінде салтанатты іс-шара өтті
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу күні ЕС-164/3 мекемесінде салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәуелсіздік күнін мерекелеу күні ЕС-164/3 мекемесінде салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараны ЕС-164/3 мекемесінің бастығы Валихан Байтасов құттықтау сөзімен ашып, ардагерлер мен әріптестерін мемлекеттік мерекемен құттықтады.
Адал қызметі мен қызметтегі жоғары жетістіктері үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты қызметкерлер “Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі” белгісімен, облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың алғыс хатымен, дәрежелік медальдармен, сондай-ақ Ішкі істер министрі мен СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесі бастығының құқықтарымен алғыс хаттармен марапатталды. Офицерлердің айтуынша, мемлекеттік мереке қарсаңында марапат алу – екі есе жағымды және қызметтік міндеттерін үлгілі орындауға міндеттейді.
Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ЕС-164/3 мекемесінің медициналық бөлімінің медбикесі Құралай Хамзина “Халық алғысы” медалімен марапатталды. Құралай Лұқманқызы мекемеде 2005 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істейді. 1987 жылы СҚО Петропавл медициналық училищесін “Фельдшер” мамандығы бойынша бітірген.
Жеке құрамды құттықтай отырып, мекеме бастығы мекемедегі жедел және режимдік жағдайдың жай-күйі әр қызметкердің адал еңбегіне тікелей байланысты екенін атап өтті. Әрбір қызметкер Отан игілігі үшін адал қызмет етуі керек.
Солтүстік Қазақстан облысы мекемелерінің қызметкерлері барлық мереке күндерін күшейтілген тәртіпте өткізетін болады.