Тәуелсіздік күніне орай үздік Павлодар полицейлері марапатталды
Тәуелсіздік күніне орай үздік Павлодар полицейлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Павлодар облысы Полиция департаментінің акт залында салтанатты іс-шара өтті. Онда өңір полицейлері қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін грамоталармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жеке құрамды құттықтай отырып, департамент бастығы Нұрлан Мәсімов Тәуелсіздік күнінің біздің еліміз үшін жоғары маңыздылығын атап өтті.
– Біздің халқымыздың барлық ізденістері мен армандары осы айтулы күні жүзеге асты. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдаған кезде. Осы уақыттан бастап республика бүкіл аумақта толық билікке ие, сыртқы және ішкі саясатты дербес анықтайтын және жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде құқықтық ресімдеуді алды, – деді Н. Мәсімов.
Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін және мереке қарсаңында Ішкі істер министрлігі мен Полиция департаментінің бұйрықтарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды.
Бағдарламаның қорытынды бөлімінде мерекелік концерт өтті, онда жеке құрамды Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің тәрбиеленушілері – «Бірлігі жарасқан Қазақстан» көркем оқу байқауының жеңімпаздары, сондай-ақ «Бельканто» вокалдық-хор студиясының қатысушылары құттықтады. Балалар туған жерге деген сүйіспеншілік туралы өлеңдер оқып, әндер орындады.
Сондай-ақ, «Елге тілек», «Алтай, Алатау, Атырау», «Атамекен» әндерін Полиция департаменті қызметкерлерінің триосы орындады.