Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер құқық қорғау органдарының генерал ардагерлерімен кездесті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Шымкент қаласының Полиция департаментінде құқық қорғау органдарының ардагерлерімен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІО-ның ардагерлері Жеңісбай Сұлтанов, Владимир Накисбаев, Абдуқадыр Кәрім, Ақжігіт Исабеков, Шерімхан Шанбаев пен Асқар Ақшаев іс-шараның қадірменді қонақтары болды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов іс-шараны ашып, қатысушыларды еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Кездесуге Полиция департаментінің және оған қарасты аудандық Полиция басқармаларының жас мамандары мен департамент қамқорлығындағы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.

Департамент бастығы Ералы Жұмаханбетов жас мамандар мен балаларды ардагер-генералдармен таныстырды.

Айта кету керек, №4 балалар үйі үш жылдан астам департамент қызметкерлерінің қамқорлығында, оның түлектері Александр Речинский ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына және Тимур Селезнев пен Станислав Фролов С.Рахымов атындағы “Жас Ұлан” мектебіне оқуға түскен.

Шараға қатысушылар ішкі істер органдарының ардагерлеріне қызықтырған сауалдарын қойып, мардымды жауаптар алды. Сонымен қатар, генералдар полиция органында қызмет еткен жылдарындағы қызықты сәттерін еске алып, тәжірибесімен бөлісті.

Кездесуде Ералы Жұмаханбетов ІІО-ның ардагері Жеңісбай Сұлтановқа “Қазақстан Республикасы Тәуесіздігіне 30 жыл” медалін табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру