Тәуелсіздіктің құрдасы – шымкенттік полицей Рысдәулет Нұрашев
Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби АПБ анықтау бөлімінің аға анықтаушысы Рысдәулет Нұрашев өзінің қызметі туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рысдәулет Нұрашев 1991 жылы ОҚО Төлеби ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын ОҚО МКҚБ Төлеби ауданында бастаған. Осылайша, 2014 жылдың қазан айынан бері Ішкі істер органы қатарында қызмет етеді.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы анықтау бөлімінің аға анықтаушы лауазымында қызметті абыроймен атқарып келеді. Жыл басынан оның өндірісінде 85 түрлі іс қаралып, оның 58 ісі сотқа жолданған.
Қызметінде абыройлы заң қызметкері отбасында да үлгілі әке, қадірлі отағасы.
Рысдәулет тәуелсіздіктің құрдасы болудың салмағын толық сезінеді. Сондықтан білімді, бәсекеге қабілетті жастардың қатарын толтыруға ниетті.
– Біздің қызмет түрлі оқиғалардан тұрады. Әр минут сайын күтпеген жағдайға дайын болу керек. Тәуелсіздіктің құрдасымын деген ой көп нәрсеге міндеттейді. Айналада болып жатқан оқиғаларға жауапкершілікпен қарау – менің қатарластарыма ана сүтімен дарыған деп білемін, – дейді өз сөзінде Рысдәулет Нурашев.