Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ ЕҚҚІД қызметкерлері елордағы Мамандандырылған балалар үйіне барды

Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін “30 игі іс” қайырымдылық акциясы шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған балалар үйінде болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акция аясында департамент қызметкерлері мамандандырылған балалар үйіне қажетті заттарды тапсырды. Олар памперстер, жемістер, ортопедиялық аяқ киім және жаңа жылдық сыйлықтар.

Мекеме директорының орынбасары Анаргүл Смағұлова қазір олардың қамқорлығында 4 жасқа дейінгі 73 бала бар екенін айтты. Бұл жетім, психикалық және физикалық дамуында ақаулары бар және қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар. Оның айтуынша, биыл балалар үйінің мамандары 21 баланы отбасына қайтарған. Полицейлерге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелеріне назар аударғаны үшін алғыс айтты.

Департамент басшысы Ерлан Омарбеков балалар үйінің қызметкерлерін келе жатқан мерекелерімен құттықтап, үлкен жүректі, шыдамдылықты, балаларға деген сүйіспеншілік пен назарды, әсіресе осы қиын уақытта, асыра бағалау мүмкін емес екенін атап өтті. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мықты денсаулық, отбасыларын табуды тіледі. Сондай-ақ, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті алдағы уақытта да балалар үйіне қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру