Тауып алған трамадолды полицияға тапсырған ақмолалық студент марапатталды
Тауып алған трамадолды полицияға тапсырған ақмолалық студент марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 6 сәуірде полиция басқармасына Арна колледжінің 17 жастағы студенті жүгінген болатын. Ол өз үйінің ауласын тазалау кезінде кірпіштің астынан қатты әсер етуші Трамадол препаратының жасырын қаптамасын тауып алды. Ол бұл туралы бірден құқық қорғау органдарына хабарлаған.
Белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары сана-сезімін және есірткіге қарсы қағидаттарын көрсеткені үшін оған Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мейрам Жапбасовтың атынан алғыс хат пен портативті қуаттағыш табыс етілді.
Жас жігітке лайықты марапат оқытушылар мен бірінші курс студенттерінің қатысуымен полиция қызметкерлері өткізген құқықтық сауаттылық сабағы кезінде берілді. Сондай-ақ, полицейлер ата-анаға алғыс сөздерін жеткізіп, басқа жастарды курстастарының үлгісімен жүруге және нашақорлықты тарату мәселелерінде белсенділік танытуға шақырды. Құқық қорғау органдары азаматтардың қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жолын кесуге көмектесу полиция жұмысында сервистік тәсілді жүзеге асырудың маңызды факторы екенін атап өтті.
Бүгінгі таңда Полиция департаментінде 400 жүзден астам адамды біріктіретін қоғамдық құрылымдар жұмыс істейді. Бұл белсенді азаматтық ұстанымы өңірдегі құқықтық тәртіпті бірлесіп қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін адамдар. Облыс тұрғындары алдын алу акцияларына белсенді қатысады, патрульдік полиция нарядтарымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асырады және қылмыстарды ашуға көмектеседі.
Полицейлер бүгінгі таңда еріктілердің қоғамдық тәртіпті сақтауға, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлық пен жол қауіпсіздігіне тосқауыл қою бойынша өткізілетін іс-шараларға қосқан үлесін жоғары бағалайды.
Жоғалған адамдарды іздеуде еріктілердің көмегі қажет. Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстардың мүмкіндіктерін бүгінде облыс еріктілері белсенді қолданады, бұл жоғалған адам туралы ақпаратты бірнеше минут ішінде таратуға, содан кейін полицияға оның ықтимал орналасқан жері туралы жедел хабарлауға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, іздеу шараларын бірлесіп жүргізу тәжірибесі қазірдің өзінде оң нәтиже беріп отыр. Ақмолалық тәртіп сақшылары халыққа белсенді өмірлік ұстанымы мен көмегі үшін алғыс білдіреді.