Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Таза Қазақстан» акциясы: Алматыда 500-ге жуық тұрғын жауапқа тартылды

Алматыда полиция 500-ге жуық ірі қоқыс тастау дерегін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын хабарланғандай, Алматыда «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы мен «Алматы – ортақ үйіміз» қалалық кампания аясында «Жарқын күз» науқаны өтті.

– Қазіргі уақытта шаһарда абаттандыру ережелері мен санитарлық нормаларды бұзу деректерін анықтау және жолын кесу бойынша профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр. 16 қыркүйектен бастап қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 2409 хаттама, қоғамдық орындарды ластағаны үшін 1721 хаттама толтырылып, ірі көлемдегі қалдықтарды, сынған жиһаздарды, тұрмыстық техника мен құрылыс қалдықтарын сақтағаны үшін 426 тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов.

Алматы қаласының табиғатты қорғау полициясы азаматтарды жауапкершілікті арттыруға және қалдықтарды шығару ережелерін сақтауға шақырады, өйткені жер шарымыздың тазалығы мен сау болуы әрқайсымызға байланысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру