Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Тегін грант алып беремін»: алаяқ жігіт 3 атыраулықты алдап кетті

Алаяқ жігіт тегін грант алып беремін деп үш атыраулықты алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қазан күні Атырау қаласы Полиция басқармасына 22, 27 және 35 жастағы жергілікті үш тұрғын арызданған. Онда олар өздерін 37 жастағы азаматтың жоғарғы оқу орнына ақысыз түсіріп беремін деп сендіріп, алаяқтық жолмен бірінен 600 мың теңге, бірінен 292 мың теңге, ал бірінен 350 мың теңге көлемінде ақша иемденгендігін жеткізген.

Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген оқуға түсірмеген, не өз ақшаларын кері ала алмаған.

Арада бірнеше уақыт өткен соң жәбірленушілер өздерін аталған азаматтың алдап жүргендігін білген. Сондықтан бірден полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру