Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысы бойынша ҚАЖД 9 айдың қорытындысын шығарды

Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті ағымдағы жылдың 9 айының жұмысын қорытындылады және алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖД бастығы Игілік Хасеновтың басшылығымен өткен жедел-қызметтік қорытынды кеңеске департаменттің жеке құрамы, бағынысты мекемелері мен пробация қызметтерінің бастықтары, Алматы облысының прокуратура және РКМФ “Еңбек Жауғашты” өкілдері қатысты.

Департамент қызметінің 2021 жылдың 9 айындағы негізгі көрсеткіштері айтылды. Жедел-қызметтік, өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметінің қорытындылары шығарылып, 4 тоқсанға міндеттер бөлінді.

Мекемелердегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, кадр жұмысы, тәрбие жұмысы, психологиялық қамтамасыз ету, ҚАЖ объектілерінің күзетті қамтамасыз ету нәтижелері, өндірістік-шаруашылық қызмет және пробация қызметтерінің жұмыс жай-күйі мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.

– 9 айдың қорытындысын және қызметтің барлық бағыттары бойынша орын алған проблемалық мәселелерді қарап, жұмысты жетілдіруге бағытталған шешімдер кешені әзірленді және қысқа мерзімде кемшіліктерді жою шаралары айқындалды, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов.

Қорытындылай келе, ҚАЖД бастығы жақсы жұмыс істейтін ұжым деп атап өтіп, бар проблемаларды белгілеп, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру