Тексерілген ТТО объектілер ішінде 130 кемшілік анықталды
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің алдына қойылған міндеттерді сапалы және тиімді іске асыру мақсатында Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД-нің қызметкерлерімен бірлесіп, ТТО объектілерідің басшылары және меншік иелерін қатысуымен брифинг ұйымдастырылып өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы әкімінің қаулысы бойынша өңірлік тізбеге барлығы 744 ТТО енгізілген;
Осы көрсетілген объектілер ішінде:
• 425 – мемлекеттік объектілер,
• 319 – жеке меншік объектілер.
Көрсетілген объектінің 20-ын – ПД тарапынан тексерілмейді.
Ақтөбе облысы ПД-мен 2020 жылы 200 Террористік тұрғыдан осал объектілер объектілер тексеріліп,
• аса маңызды мемлекеттік – 24 ;
• стратегиялық – 12;
• қауіпті өндірістік – үш;
• адамдар көп жиналатын объектілер – 161.
Тексерілген ТТО объектілер ішінде 130 кемшілік анықталып, объектінің басшысына кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді және сегіз ТТО объектілердің басшыларына ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабы бойынша хаттама толтырылып, заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданған. Соның ішінде 2 689 150 тенге көлемінде айыппұл салынды. Өндірілген 1 600 300 теңге.
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің алдына қойылған міндеттерді сапалы және тиімді іске асыру мақсатында Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД-нің қызметкерлерімен бірлесіп ТТО объектілерідің басшылары және меншік иелерін қатысуымен брифинг ұйымдастырылып өткізілді.
Брифинг барысында адамдар жаппай жиналатын, оның ішінде жеке меншіктегі жерлердің терроризмге қарсы қорғалуы деңгейінің жай-күйін жариялау мәселелері талқыланып, ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын бақылау саласындағы заңнама талаптары объектілерідің басшыларына және меншік иелеріне түсіндірілді.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті №229 Жарлығының жобасына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтар аралығында кіші кәсіпкерлік субъектісіне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісіне бару арқылы тексеру және профилактикалық қадағалау тоқтатылатындығы жеткізілді.
Ақтөбе облысы бойынша төтенше жағдай режимі аяқталуына байланысты, ТТО объектілерін тексерудің нақты мерзімін көрсете отырып, сондай-ақ мораторийге байланысты тексеруге жатпайтын объектілерді ескере отырып 2020 жылға арналған тексеру кестесі қайта құрылды.
Сонымен қатар, ТТО объектілерінің басшылары Заңның 10-3-бабының талаптарын орындамаған жағдайда ӘҚБтК-нің 149-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтыруды және ӘҚБтК-нің 811-бабының ережелері түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.