Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолдау ережелерін түсіндіру мәселелері бойынша кеңес өтті

21 қыркүйекте облыс ПД ғимаратында Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаровтың қатысуымен ҚР Президенті Жолдауының ережелерін түсіндіру мәселелері бойынша кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңеске ПД басқармаларының бастықтары қатысты, сондай-ақ селектор режимінде Облыстың ПД аудандық бөлімдерінің басшылары қосылды.

А.Заппаров полицейлердің жұмысына қатысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі ережелері туралы, атап айтқанда, жеке ТЖ министрлігін құру, учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін арттыру, цифрландыруды дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және т. б. мәселелер жайында сөз қозғады.

– Президенттің тапсырмасына сәйкес ТЖ министрлігі қайта құрылды, бұған дейін оның функциялары ІІМ құрамында болған.
Жолдауға сәйкес учаскелік полиция инспекторларының мәртебесі артады, бұл өте маңызды. Әрбір учаскелік инспектор өзі жауапты болған әкімшілік учаскеде беделді, танымал адам болуы керек. Біз учаскелік полиция инспекторының материалдық-техникалық базасын жақсартатын боламыз, учаскелік полиция қызметкерлерінің жалақысына қосымша төлемдер көзделетін болады, – деді ол.

А.Заппаровтың айтуынша, учаскелік полиция инспекторларының материалдық-техникалық базасын жақсарту, оларды жұмыс істеу үшін көлікпен және планшеттермен қамтамасыз ету жоспарлануда. Ақтөбе облысы бойынша полицейлер 100 пайызға автокөлікпен және планшеттермен қамтамасыз етілген.

Жалпы ел бойынша пенициарлық мекемелерде, полицияның қызметтік үй-жайларында жаппай бейнебақылауды енгізу бойынша шаралар қабылдануда.

Сондай-ақ, А.Заппаров цифрландыруды дамыту, біртіндеп тергеулер жүргізу, ІІМ көрсететін мемлекеттік қызметтер цифрлық форматқа ауыстырылатыны туралы айтып берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстар жүргізілуде, үш жыл ішінде ІІМ-де сыбайлас жемқорлық фактілері 33 пайызға төмендеді, өңірлерде қоғамдық қабылдаулар жұмыс істеуде, азаматтардан ІІМ реформасы бойынша ұсыныстар қабылдауға полицияның медиапорталы іске қосылды.

Облыс ПД бастығы Атығай Арыстанов Президенттің Жолдауы аппараттық кеңесте қаралып, барлық бағыттарды орындау бойынша жоспар дайындалғанын айтты.

– Ең бастысы учаскелік полиция қызметінің жұмысын қайта құру, олардың қоғам игілігі үшін және азаматтардың қоғамдық тәртібі үшін жұмыс істеуін қамтамасыз ету, – деді А.Арыстанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру