Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяққа алданған ақтөбелік полицияға жүгінді

Ақтөбеде алаяқтардың арбануына түскен тұрғындар полициядан көмек сұрады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қыркүйек күні полицияға 22 жастағы ақтөбелік жүгінді. Ол өзінің досы жасаған интернет-алаяқтық дерегі туралы хабарлады. Оның айтуынша, 11 мамырда оның досы оған айтпай, екі рет онлайн несие рәсімдеген.

Белгілі болғандай, бұрын жауапкершілікке тартылған және қолхатта болған 24 жастағы ақтөбелік 11 мамырда өз үйінде ұялы телефон арқылы досының атына “Си Силоун.КЗ” арқылы 15 мың теңге көлемінде несие рәсімдеді. Сол күні күдікті тағы да досының атынан екінші кредитті “ҚарызЗайм” интернет-сайтында рәсімдеген, келтірілген шығын сомасы 15 мың теңгені құрады.

18 қыркүйек күні полицияға Хромтау қаласының тұрғыны арызданды. 45 жастағы ер адамның айтуынша, “ОЛХ” қосымшасы арқылы белгісіз адам пальто сатып алу сылтауымен оған ақша аудару үшін банк шотының деректемелерін сұрағанын айтты. Сенген ер адам банк деректемелерін жіберген. Нәтижесінде алаяқ шоттағы 217 мың теңгесін иемденген.Аталған факті негізінде ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтықбойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал 2-тармақ көзделген жағдайдаұрланған мүліктің он еселенген мөлшерінен жиырма еселенген мөлшеріне дейін айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті ақтөбеліктерді аса сақ болуға және алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Құнды заттарды немесе ақшаны бейтаныс адамдарға бергенде қырағылық таныту қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру