Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Телефон мен зергерлік бұйымдарды ұрлаған жігіт ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласының ПД “Сарыарқа” ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 20 жастағы жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаскүнем кілтті сәйкестендіру арқылы тұрғын үйге кіріп, иелерінің жұмыста болғанын пайдаланып, ұрлық жасағаны анықталды. Ол Samsung А-10 ұялы телефонын, қымбат тастары бар алтын зергерлік әшекейлерді ұрлап үлгерген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады, заттай айғақ тәркіленді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру