Темір тордың арғы жағындағы тіршілік қыза түсті
Карантин кезінде Шымкент қаласында сотталушыларды еңбекке тарту ісі еселене түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қапаста қол қуысырып қарап отырмас үшін білек сыбана кіріскендерін өздері де алға тартады. Шымкент қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты бас-аяғы бес мекемеде жұмыс тәртібі түгелімен өзгерді. Атап айтқанда, күдіктінің тергеу изоляторына түспес бұрын тыңғылықты медициналық тексерістен өтуінен бастап, сот отырыстарының онлайн форматқа ауысуы пысықталған. Бұдан бөлек, жазасын өтеп шыққандардың да қауіпсіздігі басты назарда.
Ал құзырлы орган қызметкерлері короновирус індетінің мекеме ішінде таралып кетпесі үшін, кірпік қақпай қызмет етіп жатыр. Тәртіп бар жерде, оқыс оқиға мен көзге көрінбейтін вирусты жолатпауға ат салысып жатқандықтарын жеткізді.