Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бір сағат ішінде 10-нан астам көліктің тонировкасы шешілді

Патрульдік полиция батальонының инспекторлары бір сағат ішінде 10-нан астам автокөліктің тонировкасын шештіртті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік құралдары жүргізушілерінің ЖҚЕ сақтауы бойынша өткізілген іс-шаралар шеңбері мен белгіленген ережелердің мүлтіксіз сақталуына байланысты Алматы облысы ПД бастығының нұсқаулары мен өкімдерін орындау мақсатында Алматы облысы оңтүстік аймағының Патрульдік полиция батальоны кезекті рейд өткізді.

– Полиция қызметкерлері басты назарды автокөлік әйнектерін қараңғылау, МНТБ-сыз көлік құралдарының қозғалу, сондай-ақ көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару деректеріне аударды. Жүргізіліп жатқан “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы туралы көлік құралдарының иелеріне ескертілгеніне қарамастан, олар жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша талаптарды қатаң сақтауға деген жауапсыздықтарын танытуда, – дейді Патрульдік полиция батальонының командирі Нұрлан Искаков.

Тәжірибе жекелеген көлік құралдарының жүргізушілерінің алдыңғы шеткі әйнектерін қараңғылап, қорғаныс перделерін қойып, сол арқылы қолданыстағы ережелерді бұзатындығын көрсетті.

– Көлік иелерімен алдын алу жұмыстары жүргізіліп, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Дәл сол жерде жүргізушілердің өздері қараңғылау пленкаларын шешіп, қорғаныс перделерін алып тастады. Кейбір көлік иелері нөмірлік белгілерсіз қозғалып жүргендерін автокөлікті жақында сатып алып, оны есепке қойып үлгермегендерімен байланыстырып уәждеді, – деп толықтырды Нұрлан Искаков.

Іс-шаранының бір түні ішінде барлығы 35-тен астам қараңғылау перделеріне қатысты ережелерді бұзу дерегі, нөмірсіз жол жүрудің – тоғыз, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығудың – бес дерегі мен өзге де заң бұзушылықтар тіркелді.
Облыс полицейлері қала тұрғындары мен автокөлік иелерін жолда ұқыпты және мұқият болуға, жылдамдық режимін қатаң сақтауға және жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру