Теміртау қаласының тұрғынына ұрланған көлігі қайтарылды
Теміртау қаласының тұрғынына ұрланған көлігі қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қарашада Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 54 жастағы қала тұрғыны арызданып, көліктің ұрланғаны туралы хабарлады. Келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгені құрады.
Көлік гаражда болғаны белгілі болды. Белгісіз біреу гаражға кіріп, көлікті ұрлап кеткен. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 18 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Ұрланған көлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.