Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртау тұрғыны дүкен сатушысына шабуыл жасаған

Теміртау қаласының тұрғыны бос бөтелкемен қорқытып, дүкен сатушысына шабуыл жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 ақпанда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне дүкендердің бірінде тонау болғаны туралы хабарлама түсті. Кешкі сағат 21.00-де белгісіз біреу сауда нүктесіне кіріп, сатушыдан басқа ешкім жоқтығына көз жеткізгеннен кейін, бос сыраның бөтелкесімен қорқытып, сатушыдан ақша талап еткен. 52 жастағы жәбірленуші оған кассадан 100 мың теңге ақша беруге мәжбүр болған.

Бұл факт бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізген криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 28 жастағы қала тұрғынын ұстады, ол қылмысын мойындады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру