Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқаштық жұмысшы жұмыс берушісіне 452 мың теңгеге зиян келтірген

Балқаштық жұмысшы жұмыс берушіге тиесілі кранның электр қозғалтқышын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 ақпанда ЖШС-нің бірінің басшысы Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне хабарласып, кәсіпорын аумағында белгісіз біреудің кранның электр қозғалтқышын ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын мөлшері 452 мың теңгені құрайды. Оқиға орнынан полиция қызметкерлері бұзылған құлып пен күдіктінің аяқ киімінің іздерін тапты.

Бұл факт бойынша криминалдық полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 34 жастағы күдікті ұсталды. Ол осы ЖШС жұмысшысы болып шықты. Ұрланған зат тәркіленіп, зардап шегушіге қайтарылды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру