Теміртау тұрғынынан велосипед пен құралдарды ұрлағандар ұсталды
Теміртау тұрғынынан велосипед пен құралдарды ұрлағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 тамызда 37 жастағы қала тұрғынынан Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне арыз түсті. Белгісіз біреу көпқабатты үйдің ауласында орналасқан гаражға кіріп, спорттық велосипед пен құралдарды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 475 мың теңгені құрайды. Гараждың есігін кілт арқылы ашылған болып шықты.
Жедел-іздестіру шаралары барысында жедел-іздестіру тобының қызметкерлері күдіктілерді анықтап, ұстады. Ұрлықты 37 және 19 жастағы екі ер адам жасаған. Олар кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды.
ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.