Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта қараусыз жүрген мал иелері айыппұл арқалады

Сарыағашта қараусыз жүрген мал иелері айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген аумақта профилактикалық жұмыстар жүргізу кезінде белгісіз екі адамның қоғамдық орында ішімдік ішіп, елдің мазасын алып отырғанын анықтады. Содан тәртіп сақшылары құқық бұзушы екі адамды сабырға шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ оған ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша хаттама толтырды.
Сонымен қатар полицейлер аудан сыртындағы қора иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ондағы басты мақсат – ірі қара малдардың, жылқылардың қатысуымен орын алып жатқан жол-көлік оқиғасының алдын алу болып табылады.
Рейд барысында полицейлер түнгі уақытта қараусыз жүрген екі ірі қара мал иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды және жою қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырып, айыппұл салды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру