Теміртау тұрғынының сөмкесінен ақша ұрлаған ұры қолға түсті
Теміртау тұрғынының сөмкесінен ақша ұрлаған ұры қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 қыркүйек күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 33 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші азаматша белгісіз біреу үйінің алдындағы орындыққа қалдырып кеткен сөмкесінен 80 мың теңге ұрлап кеткені туралы арызданған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
27 қыркүйек күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы азамат анықталып, ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді, тергеу амалдары жүргізілуде.