Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда автокөлік айдап әкетудің екі фактісі тіркелді

Теміртауда автокөлік айдап әкетудің екі фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 шілде күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 70 жастағы зейнеткер арызбен шағымданып, белгісіз біреу оған тиесілі ВАЗ-2106 автокөлігін айдап әкеткені туралы хабарлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құраған.
Полиция қызметкерлерімен жәбірленуші көлігін қаладағы кафелердің бірінің маңына есігін ашып қалдырғаны, сол мезетте осы сәтті пайдаланған күдікті көлікті айдап әкеткенін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлерімен ізін суытпай аталған көлік Ушинск-Каршоссе көшелерінің қиылысында анықталып, ұсталды. Көліктің басқаруында 36 жастағы ер адамның отырғаны белгілі болды. Ол полиция қызметкерлеріне өзгенің көлігімен қала аралап келу үшін мініп кеткенін айтқан.

Осы қылмысты ашумен айналысып жатқанда, Шығыс полиция бөліміне қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан 30 жастағы қала тұрғынына тиесілі Газель автокөлігін белгісіз біреудің айдап әкеткені туралы хабарлама түсті.

Бірден іздестіру ісіне көшкен полиция жасақтары ұрланған көлікті қаладағы саяжайлардың бірінің маңынан тапты. Күдікті көліктің басқаруына ие бола алмай қалып, жолдан шығып кетіп, сол жерде көлікті қалдырып, оқиға орынынан ізін суытқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұл іске қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы ер адам ұсталды.

Бүгінгі таңда екі факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру