Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде мас жүргізуші УҰИ-ға қамалды

Ақтөбеде мас жүргізуші УҰИ-ға қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 маусымда Есет батыр көшесіндегі патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзғаны үшін 46 жастағы жүргізушінің басқаруындағы LADA Priora маркалы автокөлігін тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде алкогольдің өткір иісі шығып, жүргізілген сараптама жүргізушінің жеңіл мас күйде екенін көрсетті. Сондай-ақ жүргізушінің мас күйінде көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.

ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші Ақтөбе қалалық ПБ УҰИ-ға қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру