Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда бейнебақылау камераларының көмегімен екі қылмыс ашылды

Қарағандыда бейнебақылау камераларының көмегімен екі қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 шілде күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 33 жастағы жеке кәсәпкерден арыз түсті. Жәбірленуші белгісіз біреу сауда орынына еркін кіріп, сөреде тұрған 25 мың теңге ақшасын ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

Оқиға орынына келген полиция қызметкерлері сауда орынында орналасқан бейнебақылау камералардың жазбасын қарау барысынада күдіктінің ақша ұрлап жатқан тұсын анықтаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында санаулы уақыт ішінде осы іске қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны ұсталды.

Осы күні Қарғанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне осы аумақта орналасқан жанар-жағармай бекетінен белгісіз әйел адам 61 мың теңгеге бағаланған азық-түлік ұрлап кеткені туралы ақпарат түсті. Бұл қылмысты ашу кезінде де полиция қызметкерлеріне бейнебақылау камераларының жазбасы көмектесті. Полиция қызметкерлері осы жазба арқылы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы әйелді анықтап, ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Екі факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру