Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ордабасылық полицейлер 105 дана заңсыз балық аулаған күдіктілерді ұстады

Ордабасылық полицейлер 105 дана заңсыз балық аулаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полицейлері браконьерлік және табиғат қорғау заңнамасын бұзу жайттарын болдырмау және анықтау мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп отырады. Осындай шара барысында Ордабасы ауданы Бөген су қоймасынан заңсыз балық аулап жүрген Бәйдібек ауданының екі тұрғыны анықталды.

Тәртіп сақшылары ұсталған екі ер адамнан айғақты зат ретінде балық аулауға қажетті тормен бірге 105 дана әртүрлі балық түрлерін тәркіледі. Күдіктілердің бас шарасы қолхатта. Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру