Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда дүкеннен ақша жымқырған ұры құрықталды

Теміртауда дүкеннен ақша жымқырған ұры құрықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қараша күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 27 жасар қала тұрғынынан арыз түсті.

Жәбірленуші азаматша жеке кәсіппен айналысып, құрылыс материалдарын сататын жеке кәсіпкер екені белгілі болды. Сауда орны жабық болғанда, белгісіз біреу дүкеннің терезесін сындырып ішінен құрылыс материалдарын сатудан түскен ақшаны ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 400 мың теңгені құраған.

Қылмысты ашу бойынша Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы азамат ұсталды. Ол қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру