Теміртауда ер адам кәсіпорынды 6 млн теңгеге тонап кетті
Теміртауда ер адам кәсіпорынды 6 миллион теңгеге тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 наурызда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне кәсіпорындардың бірінде ұрлық орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Полицейлер белгісіз біреудің шеберханаға кіріп, жүк көлігінің дөңгелектерін алып кеткенін анықтады. Келтірілген шығын көлемі шамамен 6 млн теңгені құрады.
Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.
8 наурызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Заттай айғақ алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.