Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда ер адам жоғалған банк картасын пайдаланып, өзгенің есепшотынан 645 мың теңгені шешіп алды

Теміртауда ер адам жоғалған банк картасын пайдаланып, өзгенің есепшотынан 645 мың теңгені ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 шілдеде Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне 58 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Ол банктік картаны жоғалтқанын, оның ішінен белгілі бір адам 645 мың теңгені шешіп алғаны туралы айтып шағымданды.

Белгілі болғандай, жәбірленуші картасын терминалға ұмытып кеткен. Ал, белгісіз біреу жібірленушінің ұмытшақтығын пайдаланып, картаны алып, қолма-қол ақша шешіп алған. Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

9 шілдеде жедел-іздестіру шаралары барысында полиция күдікті – 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты зат – жәбірленушінің банктік картасы алынды. Күдікті қамауға алынғанға дейін ұрланған қаражатты түгелдей жұмсап үлгерген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру