Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Велосипед ұрлаған қызылордалық ұсталды

Велосипед ұрлаған қызылордалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 8 шілде күні кешке 33 жастағы қала тұрғыны Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жүгінген болатын. Арызданушының айтуы бойынша, көпқабатты пәтердің подьезінде тұрған “Таймакс” велосипедін белгісіз біреулер ұрлап кетіп, қолды еткен. Жедел шара барысында күдікті анықталып ұсталды. Күдікті 50 жастағы қала тұрғыны. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Кылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Мән-жайлар анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру