Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық үй алып беремін деп, 3 жылға сотталды

Атыраулық үй алып беремін деп, үш жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың тамыз айында Б. есімді азаматша өзінің танысына Атырау қаласы, Нұрсая мөлтек ауданынан үш бөлмелі пәтер алып беремін деп жалған айтып, 800 мың теңге ақша қаражатын иемденіп алған. Содан 2020 жылдың қараша айында М. есімді азаматшамен танысып, Атырау қаласы, Нұрсая мөлтек ауданынан төрт бөлмелі пәтер алып беремін, 495 мың теңге ақша қаражатын иемденіп алған. Одан кейін 2021 жылдың қаңтар айында WhatsApp желісі арқылы шығарылған жер телімінің жарнамалары арқылы А. есімді азаматпен танысып, Атырау қаласы, Самал мөлтек ауданынан жер телімін алып беремін деп 750 мың теңге ақша қаражатын сұраған.

Аталған факті қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен тергеу амалдары жүргізіліп, сотқа жолданды. Нәтижесімен Б. есімді азаматша үш жыл бір ай бас бостандығынан айыру жазасына және жәбірленушілерге келтірілген залалдың орнын өтеп беру шешімі шығарылды.

– Төмен бағада немесе кезектен тыс үй алып беремін деген алаяқтар көбінесе өзін мемлекеттік қызметшілер ретінде таныстырып, жәбірленушілердің сеніміне кіреді. Тіпті болашақта алатын үйді көрсетіп, өзге адамдарға осылай үй алып бергенін айтып, алдайды. Осындай алаяқтардың құрбаны болмас үшін заңды түрде әкімшілікке не болмаса “азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет. Сонымен қатар, алдын ала төлем жасау, заңды құжаттарсыз осы тектес әрекеттерге жол бермеген жөн, – деп бөлісті алаяқтық қылмысы бойынша тергеп-тексеруді жүргізген Атырау қаласы Полиция басқармасының тергеушісі Ерсұлтан Нұрболат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру