Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында мас жүргізушінің кесірінен жол апаты орын алды

Ақтөбе облысында мас жүргізуші жол апатын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 шілде күні сағат 07.00 шамасында “Лада-21214” автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі Темір ауданының Кеңқияқ кенті бағытында, Темір ауданының Темір қаласы маңында, жергілікті маңызы бар “Покровка-Жаңажол” автожолының 21 шақырымында рульді басқара алмай, көлік құралының қозғалысы бойынша сол жаққа қарай аударылған.

ЖКО салдарынан жүргізуші мен 24 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен Шұбарқұдық кентінің орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған.

Жыл басынан бері мас жүргізушілердің кінәсінен 7 ЖКО орын алды, онда 2 адам қаза тауып, 9 адам зардап шекті.

Құрметті жүргізушілер! Мас күйінде көлік жүргізу сөзсіз жүргізушінің өзіне де, сонымен қатар, басқа да жол қозғалысының қатысушыларына да үлкен қауіп төндіреді. Нәтижесінде қайғылы жағдайлар орын алуы мүмкін. Ішімдік ішкеннен кейін көлік басқаруға отырмаңыз.
Ішімдік пен автокөлік бір-бірімен сәйкес емес!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру