Ақтөбелік полицейлер бір күнде 10 мас жүргізушіні анықтады
Бір күнде ақтөбелік полицейлер 10 мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12-15 шілде аралығында өңірде «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Полицейлер бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткен, сондай-ақ жүргізушілер тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтауға ерекше назар аударады. Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде жол қозғалысына қатысушылардың арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, буклеттер таратылады. Ал жол қозғалысының ең жас қатысушыларымен түсіндіру әңгімелерінен басқа, жолдардағы жүріс-тұрыс қағидасы бойынша көрнекі мысал келтіріледі.
Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізудің бірінші күні 478 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды, оның ішінде 10 мас жүргізуші, төрт қарсы қозғалыс жолағына шығу фактісі, 13 жылдамдық режимін асыру фактісі анықталды, 41 жүргізуші жаяу жүргіншілерге артықшылық бермеді және 149 жаяу жүргінші жол жүру ережесін бұзды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады, өйткені сіздің өміріңіздің қауіпсіздігі сіздің қолыңызда.