Теміртауда есірткі жасырушыдан бір келіге жуық “синтетика” тәркіленді
Теміртауда есірткі жасырушыдан бір келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Теміртау қалалық Полиция басқармасы есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен қалада белгісіз бір азаматтар есірткі жасырумен айналысып жүргендігі туралы ақпарат түсті.
Аталған ақпарат бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы сауда орындарының бірінің маңынан 19 және 17 жастағы екі азамат ұсталды. Оларға жүргізілген тінту жұмыстары барысында 38 бума үнтақ тәрізді иісі бар заттар тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар 0,6 келі «скорость» есірткі заты екені белгілі болды.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлерімен ұсталған азаматтардың Теміртау қаласындағы ықшам аудандардың бірінде төрт жерге есірткі «жасырып» үлгергендері анықталды. Күдіктілер бұндай жұмысты әлеуметтік желі арқылы тауып алғандығы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.