Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда өзгенің құжатымен несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Теміртауда өзгенің құжатымен несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қаңтар күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 50 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші азамат арызында бірнеше күн бұрын жеке бас куәлігін жоғалтып алғанын, кейін сол құжат арқылы белгісіз біреулер шағын несие беру мекемесінен 54 мың теңге несие рәсімдегенін айтқан.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы күдікті ұсталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру