Теміртауда тұрғын автокөлік салонынан ұялы телефон ұрлап кетті
Теміртауда тұрғын автокөлік салонынан ұялы телефон ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 мамыр күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 31 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне белгісіз адам 71 мың теңгеге бағаланған ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтқан.
Арыз бойынша жұмыс жасаған тәртіп сақшылары жәбірленушінің сол күні азық-түлік алуға дүкенге барғанын және дүкен алдында көлігінің терезесін жартылай ашып кеткенін, сол мезетті пайдаланған қаскөйдің көлікте жатқан ұялы телефонды алып кеткенін анықтады.
Қылмысты ашу бойынша жұмыс жасаған криминалдық полиция қызмектерлері жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы ер адамды анықтады. Күдікті тергеу әрекеттері барысында қылмысын мойындап, ұялы телефон одан тәркіленіп алынды. Қазіргі уақытта ұялы телефон иесіне қайтарылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.