Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл полицейлері облыс жолдарындағы 5 мыңнан астам ақауды анықтады

Жамбыл полицейлері облыс жолдарындағы 5000-нан астам ақауды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Полиция департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттылықты тұрақтандыру мақсатында жыл басынан бері облыстың көлік жолдарына 752 тексеру жүргізді, оның ішінде 5000-нан астам ақаулар анықталды, жергілікті атқарушы органдарға орындауға 752 ұйғарым жіберілді, жолдарды жөндеу мен күтіп ұстауды жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдардың 87 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

– Жүргізілген тексерулер нәтижесінде облыстың көлік жолдарында 378 жол белгілері орнатылды, 1600 шақырымнан астам жол белгілері қойылды, 10 000 шаршы метрден астам шұңқырларды жөндеу жүзеге асырылды, 26 жол буфері ауыстырылды, 896 белгі бағаналары мен 3530 катафоталар (шағылыстырғыштар) орнатылды, 4366 қума метрден астам қисық сызықты брус қалпына келтірілді, – деді Жамбыл облысының ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Мәмбет Смаилов.


Жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру бойынша “Жол картасын” жүзеге асыру аясында облыс әкімдігі және “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалымен бірлесіп, 2021 жылы төрт облыс жолына орташа жөндеу жүргізу жұмыстары, 497 жол белгілері мен 160 белгі бағаналарын орнату, 65000 шаршы метрден астам шұңқырларды жөндеу жоспарланған.

Жол инфрақұрылымын жақсарту және Жамбыл облысының автожолдары бойынша қауіпсіз өту үшін халықаралық маңызы бар “Алматы-Нұр-Сұлтан” көлік жолының 209-шақырымын және республикалық маңызы бар “Меркі-Шу-Бурылбайтал” көлік жолының 266-шақырымын реконструкциялау жұмыстары жүзеге асырылуда.

Бұдан басқа, жануарлардың жолдың жүріс бөлігіне шығуын болдырмау мақсатында “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” көлік жолының 2 учаскесінде әр бағытта үш шақырымнан “Электропастух” құрылғысы орнатылды.
Тараз қаласының негізгі жол қиылыстарында “Ақылды бағдаршам” бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату бойынша жұмыстар жалғасуда, олар бүгінде облыс орталығының 14 негізгі қиылыстарында жұмыс істейді. Жүйе автоматты режимде жұмыс істейді және бағыттардың жүктелуіне байланысты бағдаршам объектісін реттеу циклдерін өзгертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру