Теміртауда тұрғынның телефонын көшеде тартып алған күдікті қолға түсті
Теміртауда тұрғынның телефонын көшеде тартып алған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 сәуір сағат 18:30 шамасында Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескі қалалық Пб-не ықшам аудандардың бірінде адамды тонап кеткені жайлы хабарлама түсті. Оқиға орнына Теміртау қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының жасағы жедел іздестіру жұмыстарына кірісті.
38 жастағы жәбірленушінің айтуынша, белгісіз ер адам шабуылдап, қолынан ұялы телефонын тартып алып, қашып кеткен. Полицияға шабуылдаушының 35-40 жас шамасындағы және сыртқы белгілерін сипаттап берді.
Оқиға орнына іргелес аумақты тексеру кезінде патрульдік полиция қызметкерлері күдіктіні 36 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты зат – ұялы телефон тәркіленді.
ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.