Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында пробация есебінде тұрғандар мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті

Алматы облысында пробация есебінде тұрған адамдар мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының №2 пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған сотталғандар қатарындағы волонтерлер мұқтаж отбасыларға азық-түлік жеткізді. Мұқтаж отбасылар Еңбекшіқазақ ауданының Қаратұрық және Ащысай ауылдарында тұрады.

– Алматы облысы бойынша пробация қызметінің қызметкерлері мен сотталғандар тұрақты негізде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетеді. ҚАЖ қызметкерлерінің әрбір сапары жағымды сыйлықтармен ғана емес, қызықты әңгімелермен де есте қалады, – деп атап өтті Алматы облыстық пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы Рашид Ержігітов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру