Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тұрғын полицейлерге мал ұрысын ұстауға көмектесті

Түркістан облысында тұрғын полицейлерге мал ұрысын ұстауға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық Пб-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреу оның қорасында байланып тұрған құны 300 мың теңге болатын тайын ұрлап кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеуге алынды.Тұрғынның қорада байлаулы тұрған тайын жымқырған күдіктіні ұстау мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру кезінде полицейлерге ұрыны ұстауға жергілікті тұрғын көмектесті. Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің бір көшеде тұратын көршісі болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті көршісінің үйі түгел ұйқыға жатқанын пайдаланып, оның ауласында үйінен алыстау орналасқан қорасына заңсыз кіріп, ішіндегі тайын жымқырып кеткен. Содан оны Жетісай қаласындағы мал базарға сату мақсатында “Мақталы-Жетісай” тас жолында кетіп бара жатқанда, басқа ауылдасы көріп, жылқының шынайы иесі ол емес екенін айтып, ұрының жылқыны өз иесіне қайтаруына ықпал етеді. Осылайша, полицейлер күдіктіні аудандық полиция бөліміне жеткізеді. Ол өз кінәсін толығымен мойындады. Тай айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру