Теміртауда ұрланған көлік иесіне қайтарылды
Теміртауда полицейлер ұрланған көлікті иесіне тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 қарашада Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 45 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші көпқабатты үйдің ауласында түнде қойған көліктің ұрланғаны туралы хабарлады. Келтірілген шығын көлемі 4 миллион теңгені құрады.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
15 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 25 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Ұрланған көлік тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.