Теміртауда ұры құрылыс бригадасын техникасыз қалдырды
Теміртауда ұры құрылыс бригадасын техникасыз қалдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 қазанда Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 44 жастағы ер адамның арызы түсті. Ол жеке секторда құрылыс тобының жетекшісі екенін айтты. Белгісіз біреу түнде құрылыс алаңынан құны 100 мың теңге болатын дәнекерлеу аппаратын ұрлап кеткен. Жабдықсыз қалған құрысшылар жұмысты жалғастыра алмай қалған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел тергеу қызметінің қызметкерлері күдікті-Қарағанды қаласының 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Айғақты зат – дәнекерлеу аппараты алынды.
ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.