Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері көші-қон заңнамасының ережелерін бұзған 845 адамды анықтады

Түркістан полицейлері көші-қон заңнамасының ережелерін бұзған 845 адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес, облыс аумағында заңсыз көші-қонның алдын алу, шетелдіктер арасында құқықтық тәртіпті сақтау, сондай-ақ республиканың көші-қон заңнамасынан туындайтын міндеттерді қамтамасыз ету мақсатында “Заңсыз келуші-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған шара қазан айының 11-18 аралығында жалғасатын болады.

Іс-шараның алғашқы үш тәулігінде облыс бойынша Қазақстан Республикасына келу, болу және Қазақстан Республикасынан кету ережелерін бұзған жалпы 845 адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде шетелдіктер – 620, Қазақстан Республикасының азаматтары – 225.

Аталған құқық бұзушылардың 73-інің Қазақстанда болу мерзімдері қысқартылса, ал 59 шетелдік ел аумағынан жіберілді. Сонымен қатар 12 азамат жеке басын анықтау үшін қабылдау бөліміне орналастырылды. Ал шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен және шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 189 Қазақстан Республикасының азаматы анықталды. Олар ӘҚБтК 518-бабының (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) талаптарын бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз айналма жол арқылы кірген Өзбекстан Республикасының азаматы анықталып, Сарыағаш ауданы ПБ-да ҚК 392-бабы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған қоса облыс аумағында заңсыз көші-қонды ұйымдастырған Қазақстан Республикасының азаматына қатысты ҚК 394-бабымен (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру