Теміртаулық азаматтан 800 грамнан астам гашиш тәркіленді
Теміртаулық полицейлер жергілікті тұрғынның есірткі қоймасын тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 ақпанда Теміртау қаласының ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері 53 жастағы жергілікті тұрғынды есірткі сатқаны үшін ұстады, оның үйінен салмағы 200 грамнан асатын гашиш тәркіленді.
Сондай-ақ тінту кезінде есірткі сатушының пәтерінің үстіндегі шатырда орналасқан жасырын қоймадан 600 грамнан астам гашиш табылды.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу басталып, ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Енді ол есірткімен заңсыз айналысқаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.