Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда әлі күнге дейін 1974 жылғы үлгідегі паспортпен жүрген азамат табылды

Шығыс Қазақстан облысында туған азамат әлі күнге дейін 1974 жылғы үлгідегі паспортпен жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– «Күмәнді пәтер» шарасы аясында Май ауданының полицейлері шаруа қожалықтарының бірінде белгілі бір тұрғылықты жері мен тиісті құжаттары жоқ азаматты анықтады. Ер адам Шығыс Қазақстан облысында туған. Табыс табу мақсатында осыдан екі ай бұрын Май ауданы ауылдарының біріне қоныс аударып, шаруа қожалықтарының бірінде жұмысшы болып жұмысқа орналасқан. Оның өзімен бірге 1974 жылғы үлгідегі паспорты болды. Полицейлер шаруа қожалығының басшысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 493-бабымен (Тұрғынжай меншік иесiнiң немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың оларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі не меншік иесіне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуден шығару жөнінде шаралар қолданбауы не жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына жол беруі) әкімшілік іс қозғап, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Бұдан басқа, соттың санкциясымен ер адам 30 тәулікке Павлодар қаласының қабылдау-тарату орнына орналастырылды, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Айта кету керек, аталған іс-шара нәтижесінде полиция қызметкерлері 3201 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 3793 азаматты қабылдау-тарату орнына орналастырды. 2755 күмәнді пәтер анықталып, ішкі істер органдарына есепке қойылды, оның ішінде 646-сы жалдамалы пәтер болып табылады. Олар бойынша ақпарат Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру