Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулық ер адам екі әйелді тонап кетті

Теміртаулық ер адам екі әйелді тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 тамызда 31 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне жүгінді. Кешкі мезгілде құрбысымен кездескен жәбірленуші орындыққа отырып, әңгіме айта бастаған. Әйелдер арасындағы әңгіме ұзаққа созылып, тіпті, қасына жайғасқан белгісіз адамға назар аудара қоймаған. Екі әйелдің қызу әңгімесін сәтті пайдаланған ұры біреуінің сөмкесінен 11 мың теңге салынған әмиянды, екіншісінен 50 мың теңге ақшасы бар әмиянды  ұрлап кетеді. Ақшаларының жоғалғанын екі құрбы бейтаныс адам кетіп қалған соң бірақ білген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

12 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметінің қызметкерлері күдікті-30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты зат – жәбірленушілердің бірінің әмияны алынды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру