Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулықтың телефонын ұрлап кеткен күдікті ұсталды

Теміртау тұрғынының телефонын ұрлап кеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 наурыз күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 36 жастағы азаматша хабарласып, белгісіз біреу оның пәтерінен ұялы телефонын ұрлап кеткені туралы арызданған. Оған келтірілген шығын көлемі 170 мың теңгені құраған.

Полиция қызметкерлерімен ұрлық болған күні жәбірленуші үйіне қонақ шақырғаны, ұялы телефон келгендердің тарқаған кезінде жоғалғаны анықталды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

5 сәуір күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Ұялы телефон тәркіленіп, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру