Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Тендер ұтып алып беремін»: түркістандық полицейлер сериялық алаяқ әйелді ұстады

Түркістандық полицейлер сериялық алаяқ әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ-ға арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Жәбірленушінің айтуынша, 2021 жылдың наурыз айында оны алыс танысы тендер беремін деп, әр түрлі сендіретін сөздер айтып 5 млн теңгесін алған. Алайда жылға жуық уақыт аралығында түрлі сылтаулар айтқан танысы не ақшасын қайтармайды, не берген уәдесін орындамайды.

Тәртіп сақшылары тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдікті әйелді анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғынды анықтап, ПБ-ға жеткізді.

Белгілі болғандай, күдікті алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары әйелдің бұдан басқа тағы бір азаматты 1 млн теңгеге сан соқтырған алаяқтық қылмысы барын растады.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Қазіргі таңда орта жастағы әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру