Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта жүк көлігінен аккумулятор ұрлаған күдікті ұсталды

Сарыағашта жүк көлігінен аккумулятор ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз тұлға күндіp оның көше бойында тұрған Газель автокөлігінің аккумуляторын ұрлап кеткенін айтқан.

Ақпарат алысымен тәжірибелі полиция қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы автоұрыны ұстауға жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнына тез арада жетіп, қылмысты ашуға қажетті барлық шараларды іске асырды. Алынған ақпарат көздері арқылы жедел уәкілдер күдіктінің ізіне түсіп, оны тұрғылықты мекен-жайынан ұстады. Ұсталған ер азамат жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті көліктің терезесін сындырып, аккумуляторды алған. Үрланған аккумулятор заңды иесіне қайтарылды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру