Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыстық полицейлер көлігі батпаққа батып қалған жүргізушіге қолғабыс етті

Арыстық полицейлер көлігі батпаққа батып қалған жүргізушіге қолғабыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс АПБ-ға Арыс-Байырқұм тас жолында белгісіз көлік батпаққа батып, жүре алмай тұрғаны жалйлы хабарлама келіп түсті. Ақпарат алысымен сол аймаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторлары Қанат Сасаев, Нұрдәулет Естай мен Дінмұхамед Құратандар тез арада оқиға орнына шықты.

Діттеген жерге жедел жеткен полицейлер лайға батып, жүре алмай қалған Volkswagen Jetta көлігін байқайды. Жолда осындай жайттарға жиі кездесетін тәртіп сақшылары көліктеріне керек болып қалады-ау деп салып жүрген сым арқандарын алып, жүргізушіге көмектесті. Яғни, полицейлер қызметтік Niva темір тұлпарына тұрғынның көлігін сым арқан арқылы жалғап, жәрдем берді. Осылайша, аз уақыттың ішінде тұрғынның көлігі қайта жол бойына шығарылды.

Тәртіп сақшыларының жанашырлық танытып, қолғабыс еткеніне риза болған Нұрпейіс есімді жас жігіт өз алғысын білдірді.

– Өзімнің жеке шаруаларыммен шыққан едім. Арыс қаласына қайтар жолда, осылай ойда-жоқта батпаққа батып қалдым. Көлігім мүлде қозғалмай қалды. Оның үстіне айдалада бір өзім қалдым. Осы сәтте полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгіндім. Тәртіп сақшыларына үлкен ризашылығымды білдіремін, – деп жеткізді Нұрпейіс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру